ГУ «Отдел физической культуры и спорта города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Новости 2019 жылдың сәуір айының 12-14 күндері Жезқазған қаласының "Ұлытау" спорт сарайында «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновті еске алуға арналған 2002-2004 және 2005-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ІІ – Республикалық турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды

2019 жылдың сәуір айының 12-14 күндері Жезқазған қаласының "Ұлытау" спорт сарайында «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновті еске алуға арналған 2002-2004 және 2005-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ІІ – Республикалық турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды

15 мая 2019

2019 жылдың сәуір айының 12-14 күндері Жезқазған қаласының "Ұлытау" спорт сарайында «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновті еске алуға арналған 2002-2004 және 2005-2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ІІ – Республикалық турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған турнирге еліміздің барлық аймақтарынан келген 150 жас палуандар қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жарыстың ұйымдастырушылары атынан кубоктар, алғыс хаттар мен медальдар және ақшалай сыйақылар табыс етілді. Маткенов Қадер ағамыздың жанұясының атынан "Жас палуан" мен "Үздік палуан" номинациясы иегерлері марапатталды. Ал ең маңыздысы барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге "Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер" спорттық дәрежесі берілді. Жарыстың салтанатты құттықтау сөздерін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Ақылбекова Зина Жұманазарқызы мен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС жанындағы "Nur Otan" партиясының бірінші орынбасары Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы сөйлеп, жарысымыздың құрметті қонағы Қарағанды қаласынан келген грек-рим күресінен КСРО-ң Халықаралық Дәрежедегі Спорт Шебері, Еуропаның 2 дүркін жеңімпазы, КСРО кубогінің 2 дүркін жеңімпазы, «Поддубный» Халықаралық турнирінің 2 дүркін жүлдегері Маньшин Олег Федорович палуандарға сәттілік тіледі. Аймағымызға зор еңбегін сіңірген «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Маткенов Қадер атамыздың аты еш уақытта ұмытылмайды. Себебі жыл сайын өткізілетін турнир дәстүрлі Республикалық турнир болып республикалық күнтізбелік жоспарға еңгізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша 25кг салмақта Қарсақбайлық Садырбек Аянат 1 орын және 2 орын Ерболат Асылжан, 3 орындарды Қарсақбайлық Абдуғазы Салауат және Жезқазғандық Барминше Айбек иеленді. 29кг салмақта 1 орынды Саран қаласының палуаны Қалдарханов Жасұлан, 2 орынды Сәтбаев қаласының палуаны Нақыпбекұлы Мирас, 3 орындарды Кентау қаласының палуаны Мусан Ерасыл және Қазалы ауданынан Көптілеу Дінислам иеленді. 32 кг салмақта 1 орынды Қызылорда облысы Қазалы ауданынан Қайрат Шыңғыс, 2 орынды Баянауылдық Жанболат Ильяс, 3 орынды Жезқазғандық Серікбай Санжар және Жәйрем кентінен Бекзада Қаршыға иеленді. 35 кг салмақта 1 орынды Қарағандылық Сайдуллаев Максуд, 2 орынды Ақтау қаласының спортшысы Серік Аянат, 3 орындарды Сәтбаев қаласының палуаны Аманбек Назарбек және Саран қаласының палуаны Морозов Никита иеленді. 38 кг салмақта 1 орынды Сәтбаев қаласының палуаны Бейбітов Төрехан, 2 орынды Жезқазғандық палуан Болат Ануар, 3 орындарды Ануарбек Шахислам Жәйрем кентінің палуаны және Төлеген Ислам Сәтбаев қаласының палуаны. 41кг салмақта 1 орынды Жандарбек Алишер, Қарағанды қ, 2 орынды Исахан Самат, Сәтбаев қаласы, 3 орындарды Адилхан Кунтауған Қарағанды қ, Мұханбедия Айтуған Жезқазған қаласы иеленді. 45кг салмақта 1 орынды Қарағандылық Чистов Данил, 2 орынды Қарағандылық Тұрсынтай Досжан, 3 орындарды Ақтау қаласының палуаны Мұхитұлы Расул және Қарағандылық Ерболат Тілеужан. 48 кг салмақта 1 орынды Сәтбаев қаласынан Құрманғали Досбол, 2 орынды Қарағандылық Гаузер Генадий, 3 орындарды Қарағандылық Сатжан Айбек және Сәтбаевтық Қалдыбайұлы Ислам иеленді. 51кг салмақта 1 орынды Қарсақбайлық Бекенов Мұханбетәли, 2 орынды Молодежный кентінің палуаны Сүлейменов Диас, 3 орындарды Жезқазғандық Утешов Исламбек және Ақтаулық палуан Такинов Мейірбек иеленді. 55кг салмақты 1 орынды Қарағандылық Сериков Жандар, 2 орынды Қарағандылық Нұрымбаев Адил, 3 орындарды Қарағандылық Несіпбай Жасулан және Ақтаулық Өтебаев Расул иеленді. 60кг салмақта 1орынды Қарағандылық Қуат Диса, 2 орынды Баянауылдық палуан Жанболат Али, 3 орындарды Қарсақбайлық Кенесбай Ескендір және Ақтаулық Бегалы Данияр. 65кг салмақта 1 орынды Қарағандылық Қоңыртай Мерей, 2 орынды Жезқазғандық Микайлов Эльшад, 3орындарды Сәтбаевтық Сәбит Даулет және Жезқазғандық жерлесіміз Тулепкалиев Дамир иеленді. 71кг салмақта Жезқазғандық Серіков Ерасыл, 2 орынды Қарағандылық Мұрат Айбол, 3 орынды Жезақзғандық палуандар Шахмұрат Аян және Бержанов Темирлан иеленді.80кг салмақты 1 орынды Жезқазғандық Аманжол Мәди , 2орынды Қарағандылық Дәулет спорт мектебінің палуаны Сарсенбаев Руслан және 3 орынды Дәулет спорт мектебінің палуаны Федосеев Данил иеленді. 3 орынды Сәтбаевтық палуан Елгелдиев Қуаныш иеленді. 92кг салмақта 1 орынды Сәтбаевтық Махамбетов Тәлеужан, 2 орынды Өмірзақ Айдын және 3 орынды Қарағандылық Жұманазаров Ғабиден иеленді. 110 кг салмақта 1 орынды Сәтбаев қаласының палуаны Смағұл Олжас және 2 орынды Жәйрем кентінің палуаны Байкенов Абылайхан иеленді.