ГУ «Отдел физической культуры и спорта города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Новости 8 - 10 мамыр Дүниежүзілiк және Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Мухамедия ұлы Байменовтың жүлдесіне арналған оқушылар арасындагы Республикалық турнирі өтті

8 - 10 мамыр Дүниежүзілiк және Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Мухамедия ұлы Байменовтың жүлдесіне арналған оқушылар арасындагы Республикалық турнирі өтті

14 мая 2019

8 - 10 мамыр Дүниежүзілiк және Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Мухамедия ұлы Байменовтың жүлдесіне арналған оқушылар арасындагы Республикалық турнирі өтті. Аталған турнирде командалық есепте 2003-2004ж.т. ойыншылар арасында 1 орынды-Павлодар облысы, 2 орынды-Қарағанды облысы, 3 орынды-Жезқазған қаласы иеленді. 2005 және одан кiшi ж.т. ойыншылар арасында 1 орынды-Павлодар облысы, 2 орынды-Жамбыл облысы, 3 орынды-Қарағанды облысы иеленді. Жекелей есепте жеңімпаз атанған ойыншылар: 2003-2004 ж.т. ұлдар арасында 1 орын - Далиев Элдияр, 2 орын- Мұратов Алихан, 3 орын- Исабеков Али. 2003-2004 ж.т. кыздар арасында 1 орын - Салман Аружан, 2 орын- Абай Диана, 3 орын - Егiнбай Аяжан. 2005 және одан кiшi ж.т. ұлдар арасында 1 орын- Боранбай Ернурсултан, 2 орын- Агитаев Салахаддин, 3 орын- Кудайбергенов - Ерасыл. 2005 және одан кiшi ж.т. қыздар арасында 1 орын- Сейтбекова Әсел, 2 орын-Борандай Сымбат және 3 орын- Абилмаш Аяулым иеленді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, медаль және дипломдармен марапатталды. Жарысқа 4 облыс, 1 қала, 2 аудан жалпы 9 команда қатысты. Ойыншылардын арасында 1-Спорт шебері, 20- Спорт шеберiне үміткер, 45- әр түрлі спорттық разрядтагы спортшы ойыншылар болды. Жарысқа сәттілік тілеген турнирiмiздiн құрметті қонагы Алихан Мухамедияұлы Байменов тоғызқұмалақ ойынына қатысушы жастарға болашақта еліміздің жарық жұлдыздары болуға iзгi тiлегiн жеткізді.