ГУ «Отдел физической культуры и спорта города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Информация Информация о спортивных сооружениях города Жезказгана СДЮШОР МОРБЖМ тұлғалар туралы

МОРБЖМ тұлғалар туралы

Опубликовано: 30 июля 2019

Сеитов Айтпай

24.11.1944 ж., Жезқазған қаласы, Талап селосында дүниеге келген.

1970 жылы Петропавл мемлекеттік педагогикалық институтын, «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша ЖОО-нын тәмамдаған.

Спорт саласындағы еңбек өтілі – 48 жыл.

1962-1963 ж. Жезқазған тау-кен комбинатында машинист көмекшісі болып жұмыс жасаған.

1963-1965 ж. Совет әскерінде отан алдындағы борышын өтеген.

1967-1968 ж. Петропавл қалалық байланыс орталығында байланыс жөндеушісі болып қызмет атқарған.

1970-1971 ж. Солтүстік Қазақстан обл. Бескөл аудандық оқу бөлімі-дене тәрбиесі пәні мұғалімі.

1971-1973 ж. Жезқазған қаласының құрылыс техникумы – дене шынықтыру мұғалімі.

1973-1981 ж. осы аталған мекемеде директордың дене тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

1981-1986 ж. «Қайрат» ерікті спорт қоғамы  БЖСМ директоры.

1986-1997 ж. Жезқазған облысының БЖСМ директоры.

1997-1999 ж. Жезқазған қаласының БЖСМ – басшының оқу-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.

1999 ж. бастап «Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ бокстан  бапкер-жаттықтырушы лауазымында қызмет етіп келеді.

«Ұлы Отан Соғысына 20-жыл» медалімен марапатталған. 1965 ж.

«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» 1997 ж.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚАЙРАТКЕРІ». 1999 ж.

«Жезқазған қаласының Құрметті азаматы». 2009 г.

Бокстан 2 санаттағы жоғары деңгейдегі бапкер жаттықтырушысы. Біраз жылдар бойы басшылық лауазымдарында қызмет жасаған. Алдында тұрған міндеттерді шешуге күшін шебер бағыттайды. Ұжымдық іс-шаралардың барлығына қатысып қана қоймай, ұжымның рухын көтеріп жүреді. Патриоттық сезімді оятатын азаматтардың бірі. Жұмыста біліктілік, мақсатқа талпынушылық, тәртіптілік байқатты. Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Бапкер-жаттықтырушы ретінде бірнеше атақты спортшыларды тәрбиелеп, әлемге танытқан. Олардың ішінде: Асқарова А. – 2013 ж. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Асқарова А. – ҚР 3 дүркін чемпионы, Абилдинов А. – ҚР чемпионы, Журинов А. - Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

 

Жевагин Виктор Тимофеевич

03.11.1952 ж., Алматы қаласында дүниеге келген.         

1983 жылы «Қазақтың физкультура институты», «Физкультура және спорт пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша ЖОО-нын тәмамдаған

Спорт саласындағы еңбек өтілі – 37 жыл.

1970-1971 ж. Жезқазған тау-кен комбинатында жөндеуші болып жұмыс жасаған.

1971-1973 ж. Совет әскерінде отан алдындағы борышын өтеген.

1973-1981 ж. Жезқазған тау-кен комбинатында ток жөндеушісі болып қызмет атқарған.

1981-1987 ж. Жезқазған қаласының №3 орта мектебі - дене шынықтыру пәні мұғалімі.

1987-1994 ж. Облыстық БЖСМ – баскетболдан бапкер-жаттықтырушы.

1994-1996 ж. Дене-шынықтыру орталығы - баскетболдан бапкер-жаттықтырушы.

1996-1997 ж. Мәдени-сауықтыру спорт кешені - баскетболдан бапкер-жаттықтырушы.

1997-2003 ж. «Металлург» спорт сарайында баскетболдан бапкер-жаттықтырушы.

2003-2004 ж. Жезқазған қаласының байыту фабрикасы – баскетболдан аға бапкер-жаттықтырушы.

2004-2012 ж. «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» - баскетболдан бапкер.

2012- бастап «Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ баскетболдан  бапкер-жаттықтырушы лауазымында қызмет етіп келеді.

Баскетболдан жоғарғы санаттағы жоғары деңгейдегі бапкер жаттықтырушысы. Жалпы қызмет жолы тек спортпен байланысты өтіп келеді.

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Дене тәрбиесі Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ҚР спорт ізбасараларын даярлауда үлкен үлес қосқаны үшін төсбелгімен марапатталған. 2007 ж.

Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 1999 ж.

 

Алиакпаров Муханбет Касымович

               21.02.1947 ж., Жезқазған қаласында дүниеге келген.

 

              Қарсақпай кентінде 1954 ж. мектепке барып, 1965 жылы №1 кешкі орта мектепті бітірген.

                Спорт саласындағы еңбек өтілі – 44 жыл.

              Еңбек жолын 1963 жылы Қарсақпай мыс зауытына бағынысты теміржол цехында слесарь болып бастады.

              1965-1966 ж. Қарсақпай совхозында дене шынықтыру нұсқаушысы болып жұмыс атқарған.

              1966-1968 ж. Кеңес әскерінің қатарында әсери борышын өтеді.

              1969-1970 ж. Жезқазған қаласы құю-механикалық зауытында слесарь болып жұмыс жасаған.

              1970-1974 ж. Қарағанды педагогикалық институтын, «Дене тәрбиелеу мұғалімі» мамандығы бойынша ЖОО-нын тәмамдаған.

              1974-1975 ж. Жезқазған қаласының № 21 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

              1975-1976 ж. Жезқазған құрылыс техникумы – дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы.

              1976-1978 ж. Ұлытау ауданының партия комитетінде нұсқаушы.

              1978-1982 ж. Жезқазған педагогикалық институтында аға оқытушы әрі партия хатшысы.

              1983-1987 ж. Жезқазған облыстық «Қайрат» ерікті спорт қоғамының бастығы.

              1987-1990 ж. Облыстық кәсіподақ кеңесінің Бүкілодақтық ерікті дене шынықтыру және спорт қоғамының басшысы.

              1990-1993 ж. Облыстық «Қайрат» спорт қоғамының басшысы.

              1993-1997 ж. Жезқазған облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

              1997-2010 ж. «Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» директор.

              2012 ж. бастап ЖезУ университетінің доценті.

Муханбет Касымович Алиакпаровтың Жезқазған облысының дене шынықтыру және спортын басқарған кезеңде:

Самбодан Әлем Чемпионы Канат Байшулаков;

Жеңіл атлетикадан Олимпиада Чемпионы Виталий Савин;

Баркер кубогінің иегері, бокстан Олимпиада чемпионы Василий Жиров;

Жастар арасында еркін күрестен Әлем чемпионы Арават Сабеев;

Ескекшілер Скрыпник пен Қайсар Нурмаганбетов;

Бокстан Кеңес одағының чемпиондары мен жүлдегерлері Станислав Смирнов, Владимир Макулов, Амзелі Ақылбаев, Мурат Жусупов шықты.

              Жезқазған қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуына өзінің білімін, күшін, ұйымдастыру қабілеттілігін аянбастан жұмсады. Спорттың бұқаралығына, дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасын дамытуға зор үлесін қосты.

              Қалалар мен ауыл еңбеккерлерінің дене шынықтыру мен спорттың бұқаралық түрде айналысуына талмай еңбек етті.

              2010 жылдан бастап «Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ бокстан бапкер-жаттықтырушы лауазымында қызмет етіп келеді.

              Бапкер-жаттықтырушылық жұмыста даярлаған спортшылары:

              Эдуард Бондаренко – Кеңес Одағының Спорт шебері, Қазақ ССР оқушылар спартакиадасының чемпионы, Украина қарулы күштерінің чемпионы;

              Медетбеков Ғайни -  Кеңес Одағының Спорт шебері, Қазақстан біріншілігінің 2 дүркін жүлдегері;

              Ербосунов Нуржан – ҚР спорт шебері, бокстан І-ші ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, Әлемнің және Еуропаның кикбоксингтен чемпионы, кикбоксингтен ҚР еңбегі сіңген спортшы.

              Мырзабеков Нуржан – ҚР жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың чемпионы.

              Бөлтірік Даурен – бокстан ҚР спорт шебері, ҚР жастар және ерлер арасындағы чемпионаттың жүлдегері. ҚР еңбегң сіңген жаттықтырушы Ғалым Жарылғапов атындағы Халықаралық турнирдің чемпионы.

              Адамбаев Абзал – 1996-1998 ж. ҚР кадеттер арасындағы чемионы, ҚР жастар арасындағы чемпионы, 1999 ж. Болгарияда өткен «Олимпиада үміткерлері» Халықаралық турнирдің жүлдегері, ҚР І-ші спартакиадасының күміс жүлдегері, ҚР 2002 ж. ерлер арасындағы чемпионаттың жеңімпазы, 2003 ж. Душанбе қ. өткен Орта Азия ойындарының қола жүлдегері, АҚШ – ҚР матчының жеңімпазы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

             

              Муханбет Касымович Алиакпаров келесі атақтарға ие:

 

              Құрмет белгілері:

Жезқазған қаласының 50 жылдығына арналған басылымына шыққан. 2004 ж.

Жезқазған қаласының 60 жылдығына арналған басылымына шыққан. 2014 ж.

Қазақстан бокс федерациясының «Тарлан» журналына шыққан. 2017 ж.

  

Сериков Саят Махметсултанович

                                   

   09.08.1979 ж. Карағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданында дүниеге келген

    Спорт Саласындағы өтілі: 19 жыл.

    1997-2001 ж. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмәмдаған.

    2001-2003 ж. Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын тәмәмдаған.

    2001-2005 ж. Жезқазған қаласының Мәдени сауықтыру спорт кешенінде бапкер-жаттықтырушы  болып еңбек жолын бастаған.

    2005-2009 ж. «Жас Сұңқар»  мамандандырылған облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – самбодан бапкер-жаттықтырушы.

    2007-2011 ж . Қарағанды облысының аға бапкері.

    2009 ж. Қарағанды қаласы «Жоғары спорт шеберлігі» мектебінде самбодан бапкер-жаттықтырушы.

    2011-2013 ж. ҚР Самбодан құрама командасының басшысы. Астана қ. «Ұлттық құрама командаларының дирекциясы»

    2013-2015 ж. Сатпаев қаласының «Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ басшысы.

    2015 ж. бастап Жезқазған қаласының «Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ басшысы.

    Сериков Саят Махметсултанович бапкер-жаттықтырушы қызметі барысында:

Жанбосынов Олжас – жастар арасында Азия чемпионы, ҚР Спорт шебері.

Кашкынова Кенжеару –   ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері;

Балтабек Кызмет – Әлем чемпионы, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы;

Сарсенбин Арман - ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері;

Ербусинов Ерболат - ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы;

Бокен Нурлан – ҚР Спорт шебері,  ҚР чемпионатының жеңімпазы;

Ибрагим Бағлан -  жастар арасындағы Азия чемпионы, ересектер арасындағы Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

Саяжанов Адлет - ҚР ересектер арасындағы чемпионы.Азия чемпионатының жеңімпазы, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

              Сериков Саят Махметсултанович келесі атақтарға ие:

 

Асамиданов Амантай Мейрамович

    1963 жылы Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданында дүниеге келген

     1980-1984 ж. Жезқазған педагогикалық институтында оқып,   физика-математика факультетін бітірген.

 

        Еңбек жолын Қарағанды облысы Жаңа-Арқа ауданындағы  «Жас Сұңқар» спорт кешенінде жаттықтырушыдан бастады.

        2005 ж. Е.Букетов атындағы ҚарМу-нің спорт факультетін сырттай бітірген.

        1996-2017 ж. Жезқазған қаласының Спорттық сауықтыру кешенінің директоры қызметін атқарды.

        Еңбек еткен уақыт аралығында өзінің лауазымдық міндеттерін өз деңгейінде орындай отырып, жастардың спортпен айналысуына жағдай жасап келеді.

        Амантай Мейрамович Асамиданов тәрбиелеген шәкірттері:

ересектер арасында Әлем чемпионы;

чемпионы;

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып Асамиданов Амантай Мейрамович  келесі атақтарға ие:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20-жыл» медалімен

марапатталған