ГУ «Отдел физической культуры и спорта города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Информация Информация о спортивных сооружениях города Жезказгана Спортты дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Спорттық сауықтыру кешені» Кәсіпорын, мекеменің өзі туралы мақала

Кәсіпорын, мекеменің өзі туралы мақала

Опубликовано: 30 июля 2019
  1. Мекеменің заңды атауы толық берілуі керек: «Спортты дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі,  «Спорттық сауықтыру кешені»
  2. Құрылған жылы, алғашқы басшысы, әр жылдардағы басшыларының аты-жөндері: 1997 жылы, «Қалалық мәдени сауықтыру спорт кешені», Жезқазған қаласының әкімі өкімімен №І-22, 01.1997 жылдан бастап Асамиданов Амантай Мейрамұлы басшысы етіп тағайындалды.

«Спортты дамыту орталығы» ҚБ-ң қаулысымен  14.06.2017 жылдан бастап  «Спорттық сауықтыру кешенінің» директоры етіп Ташкенов Еркін Естайұлы тағайындалды.

  1. Мекеменің қазіргі кездегі басшылары: «Спортты дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Балмағанбетов Саят Сабиевич және «Спорттық сауықтыру кешенінің» басшысы Ташкенов Еркин Естаевич
  2. Мекеменің құрылымдық жүйесі (бөлім, бөлімше, филиал) «Спорттық сауықтыру кешені» 2017 жылдың   __  маусымынан бастап «Спортты дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрамына кірді.
  3. Мекеменің қызметі (функциясы): «Спорттық сауықтыру кешенінің» қызметі:
  1. Мекеменің атауы немесе қызметі әр жылдарда өзгеріске түсіп жатса, немесе басқа мекеме құрамынан бөлек шығып жатса, ол жайлы мәлімет.

 1997 жылы, Жезқазған қаласының «Қалалық мәдени сауықтыру спорт кешені» болып аталды.

1999 жылы, Қарағанды облысы әкімі,  облыстық туризм және спорт комитетінің 22 қаңтар №12-к бұйрығымен Жезқазған қаласының «Мәдени-сауықтыру спорттық кешені» болып қайта құрылды.

2000 жылдың 27 қарашадан бастап  Жезқазған қаласының әкімдігі Жезқазған қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Спорттық сауықтыру кешені» КМҚК болып өзгертілді.

2006 жылы, 7 маусымда  Жезқазған қаласы әкімдігі Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мәдени-сауықтыру спорт кешені» КМҚК болып қайта тіркелді.

2010 жылдың 1 қарашада Жезқазған қаласы әкімінің қаулысымен №25/05 КМҚК өзгерту енгізілуіне байланысты Жезқазған қаласының , Білім және спорт бөлімі ММ-ң «Спорттық сауықтыру кешені» болып өзгертілді.

2017 жылдың 12 сәуір күні қаламыздың Гагарин 76А көшесінде орналасқан «Жезқазған қаласының спорттық сауықтыру кешені» КММ-нің бәсекелестік ортаға берілу және мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына еніп, электрондық сауда – саттық нәтижесінде Жезқазған аймағының «Спортты дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігінің қарамағына берілді.

Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты мен жоспары Жезқазған аймағында барлық олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту болып табылады және тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол, садақ ату, қол күрес, бокс, қазақ күресі, грек-рим күресі, дзюдо, каратэ, самбо, еркін күрес және мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған арнайы топтар: үстел теннисі, шағын футбол, дойбы, шахмат спорт түрлерінен қосымша үйірмелері тегін жұмыс жасайды. Спорттық сауықтыру кешенінде қаламыздың барлық шағын аудандарынан келген 1100-ге жуық жасөспірімдер мен жастар және ересектер спортпен тұрақты түрде шұғылданады. 2017 жылы Жезқазған қаласында жаңадан олимпиадалық спорт түрлері: садақ ату, үстел теннисі және қол күресі (армрестлинг) ұлттық спорт түрі ашылды.

2017 жылдан бастап «Спортты дамыту орталығы» ҚБ-ң құрамындағы «Спорттық сауықтыру кешені» болып өзгертілді.

  1. Мекемеде қанша адам қызмет етеді? Қазіргі уақытта «Спорттық сауықтыру кешенінде» 34 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 19 – бапкер жаттықтырушылар құрайды.
  2. Кәсіпорын, мекеменің тарихында есімдері айрықша аталатын тұлғалар? Аты-жөні және атақ марапаттары туралы деректер

-  Асамиданов Амантай Мейрамович – самбо күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазіргі уақытта ҚР төрешілер алқасының жетекшісі  Халықаралық дәрежедегі экстра класс төрешісі.

 

-  Дарибаев Өміртай Рахимбекович – грек-рим күресінен жаттықтырушы, КСРО-ң спорт шебері, жоғарғы дәрежедегі жоғарғы санатты жаттықтырушы.

-  Сериков Саят Махметсултанович – самбо күресінен жоғарғы санатты жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

-  Есенов Қанат Альмуханович – бокстан жоғарғы санатты жаттықтырушы, бокстан спорт шеберіне үміткер

- Аширбеков Адлер Шарипбекович – бокстан II санатты жаттықтырушы

- Сайдалин Елдос Жәнібекұлы – бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды облысының әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы