ГУ «Отдел физической культуры и спорта города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Документы Мемлекетіміздің бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауы

Мемлекетіміздің бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауы

Опубликовано: 30 июля 2019

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

 

II бөлім ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

 

ЖЕТІНШІ тармақшасы « Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет» делінген.

 

       Осы орайда  2019 жылы қаламызда жастардың спортпен шұғылдану деңгейін жетілдіру, жастарды спортқа баула мақсатында екі аула клубы ашылды.

Олар: волейбол, баскетбол, футбол және шахмат спорт түрлерінен. Аталған аула клубтарына қатысушы жастар саны – 570 баланы құрайды.

Сонымен қатар былтыр 2018 жылдың ақпан айында 2 аула клубы ашылған болатын.

Жалпы қалада 4 аула клубы жұмыс істеуде.  Бұл аула клубтарында белбеу күрес, волейбол, футбол, шахмат, тоғықұмалақ, спорт түрлері жұмыс жасауда.

  

 2019 жылы жалпы білім беру мектептерінің аулаларында 5 спорттық хоккей корттары орнатылып жатыр. Олар: №4, 5, 11, 26 қала мектептері мен №15 Малшыбай ауылдық мектебі.

 

 Көп салалы заманауй тұрғыда, халықтың көп жиналатын орындарына, спорт орындарын қажет ететін мекен-жайларға Стрит Варкаут көше тренажері орнатылатын болады.

    Олар: №9 Тірек «Ресурстық орталық» мектебі, №10 жалпы орта мектебі, «Наурыз» саябағы, Ғарышкерлер көшесі  21А және Сатпаев көшесі 69 мекен-жайларда.

 

    2018 жылы Бейбітшілік көшесі мен Гагарин көшесі қиылысында Стрит Варкаут көше тренажері орнатылған болатын. Қазіргі уақытта бұл тренажерде Спорт тарландары аула клубының спортшылары жаттығады. Спортшыларды дайындайтын спорт нұсқаушылары жұмыс істейді.

 

     Жастар саябағында скейтборд алаңы, баскетбол және футбол ойындарын ойнауға арналған алаңдар орнатылды. Қала жастары, сол көшенің тұрғындары бос уақытарын тиімді пайдаланып спортпен шұғылданады.

 

    Ғарышкерлер бақ жолында көше тренажеры орнатылды, скейтборд алаңы орнатылды.

 

    Қаламыздың 15 жалпы білім беретін мектептерінің арлығында көп салалы хоккей корттары орнатылды.

    Ауылдық мектептер саны – 5. Оның ішінде Талап, Кеңгір және Малшыбай ауыл мектептерінде көп салалы хоккей корттары орнатылған.

    Былтырғы жылы Талап мектебінде аула тренажері орнатылды.

                                                                                                                                          

2)  Жолдауда екінші қарастырылған тапсырма: «Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу».

    Осы орайда 2019-2020 жылдары қаламызда 320 орынды Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жүзеге асырылады. Жалпы құны 1 млрд 934 млн.тг. Құрылыс нысанын салуды «Астана-КоктемС» ЖШС жеңіп алды, келісім шарт жасалды. Ендігі кезекте биылғы жылдың құрылысын бастау үшін сессиядан қаражат көзі күтілуде.

  

      Байдарка және каноэда есу бойынша  спорт кешені құрылысының жобалық сметалық құжатының қорытындысы 2019 жылдың шілде айының 30 жұлдызында  шығып, әрі қарай конкрусқа берілетін болады.

 

  1. Үкіләлемдік Тоғызқұмалақ федерациясының Президенті Әлихан Байменовтың жүлдесіне арналған Республикалық турнир
  2. Қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ҚР Чемпионаты
  3. Қазақ күресінен Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қабден Шыңғысовты еске алуға арналған Республикалық турнир
  4. Грек-рим күресінен КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновті еске алуға араналған кіші жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир.
  5. Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері Танау Нығызбаевты еске алуға арналған Республикалық турнир
  6. Маусым айынан басталып қыркүйек айына дейін өтетін Жасөспірімдер және жастар, ерсектер арасындағы Шағын футболдан Жезқазған қаласы Әкімінің Кубогіне арналған Аула арасындағы қалалық турнир.
  7. Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған спорттық жарыстар.
  8. Бокстан Ауған соғысында қаза болған Жезқазғандық жауынгер–интернационалист ардагерлері А.Мамажанов пен В.Тарадайды еске алуға Республикалық турнир
  9.  Жезқазған қаласының 65 жылдық қала күніне арналған  қазақ күресінен Республикалық турнир.

 

Бөлімнің бекітілген жоспарына сәйкес 2019 жылы жыл соңына дейін 24680   адамның қатысуымен 140 қалалық спорттық жарыстар өткізіледі деп жосарлануда, қазіргі уақытта 13800 адамның қатысуымен 82 спорттық жарыстар өткізілді.

 

        Бекітілген жоспарға сәйкес 2018-2019 жылдарға арналған жаңа оқу жылының бастамасы ретінде қыркүйек айының 15 жұлдызынан – 25 мамыр аралығында 14 спорт түрі бойынша Мектеп лигасы мен Студенттер лигасы өтілді.

 

        Оған қатысушылардың саны мектеп оқушылары 12000, студенттер саны 6000.

 

         Мектеп лигасы мен Студенттер лигасының жалпы қорытынды нәтижесіне байланысты жеңімпаз мектептер мен колледждер Қазақстан Республикасының тамыз айының 20 жұлдызында спорт күні кәсіби мерекесі қарсанында арнайы дипломдармен, дәрежелі кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

       Биылғы мектеп лигасының жеңімпаздары 426 ұпаймен 1 орын - №13 орта мектебі, 423 ұпаймен 2 орынды - №8 қазақ гимназиясы, 338,5 ұпаймен 3 орынды – Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 лицей иеленді.

       Студенттер лигасы бойынша 85,5 ұпаймен1 орын – ЖПТК, 79 ұпаймен 2 орынды - ГМК, 69,5 ұпаймен 3 орынды – ЖКБиТ иеленді.

       

     Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бекіткен жоспарына сәйкес жыл сайын өткізілетін Облыс қалалары мен аудандары арасында өтетін Спартакиадалардың жетістіктері мен оларға қатысушылардың саны да жылдан жылға өсіп келеді.

облыстық Спартакиадада  жүлделі 1 орынды иеленді.

 

        Жезқазған қаласы бойынша 2019 жыл спорт саласы бойынша табысты да жемісті жыл болды. Олай дейтін себебіміз  шаһарамызда қарқынды дамып келе жатқан  спорт түрлері бокс, еркін күресі, грек рим күресі, самбо, дзюдо, қазақша күрес және байдаркада каноэда есу спорт түрлері едәуір ілгері дамып, спортшыларымыз біршама жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпиондарымыздың саны артты.

 

            Биылғы жетістіктеріміз, атап айтар болсақ:

 2019 жылдың қыркүйек айында Үндістанда өтетін Азия Чемпионатына қатысады.

 

 

 

 

Тамыз айының 1-9 жұлдызы аралығында Кувейт мемлекетінде Азия Чемпионатына қатысады.