ГУ «Отдел физической культуры и спорта города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Государственное учреждение Мекеменің өзі туралы мақала

Мекеменің өзі туралы мақала

Опубликовано: 30 июля 2019
  1. «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  2. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы  25 ақпандағы № 05/18 қаулысымен бекітілген, алғашқы және қазіргі басшысы - Муталипов Дидар Мағауияұлы
  3. Алғашқы және қазіргі басшысы - Муталипов Дидар Мағауияұлы
  4. «Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 100600, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 үй.
  5. Функциялары:

қаланың дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;

Жезқазған қаласы аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;

аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;

спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;

қала аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;

мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;

спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;

қала аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

қала аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;

аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша қаланың құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;

ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;

қалалық спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді,  денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады;

аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен әзірленген қалалық спорттық жарыстардың ережелерiн (регламенттерiн) бекiтедi;

мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасауды, арнайы спорттық мүліктерді берудi қамтамасыз етедi;

мекеме құзыретінің шегінде әкім және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;

құзырет шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық мекемелерде мемлекет мүдделеріне өкілдік етеді;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Жетістіктер: 2019 жылдың 15-17 мамыр аралығында Қарағанды қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту және көру органдарының жұмысы бұзылған мүгедек спортшылар арасындағы Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін Облыстық Спартакиадада І орын.

2019 жылдың 21-23 ақпан аралығында Қарағанды қаласында  облыс қалалары арасында қысқы «Ақ қыс-2019» Спартакиадасында ІІ орын

Жерлесіміз Ибрагим Бағлан Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында самбо күресінен Маңғолиялык палуан Эрденбаатор Шалкуулыды ауырту әдісімен жеңді. Бағлан Қазақстан қоржынына 12-шi алтынды салды. Бұл Қазақ елінің оның ішінде Жезқазғанның қуанышы.

  1. Мекемеде 7 адам қызмет етеді (Басшы, бас маман, бас есепші, іс-қағаз жүргізуші және 3 әдіскер)

 

  1. Мекеменің тарихында есімдері айрықша аталатын тұлғалар: «Жезқазған қаласының Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінде 01.08.1997 жылдан бері  бокс  спорт түрінен бапкер-жаттықтырушы - Сеитов Айтпай қызмет етеді.

 Сеитов Айтпай - 24.11.1944 жылы Петропавл қаласы дүниеге келген.                     Дене шынықтыру мамандығы бойынша 1970 жылы «Петропавл мемлекеттік педагогикалық институтінің» түлегі. Бокстан ІІ жоғарғы дәрежелі бапкер-жаттықтырушы. «Дене шынықтыру және спортты дамытуда қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет белгісімен», «Ұлы Отан соғысында жеңіске 20 жыл», «Қазақстан Республикасынң білім беру үздігі» медальімен марапатталынған Жезқазған қаласының құрметті азаматы.

«Жезқазған қаласының Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінде 18.09.2012 жылдан бері  баскетбол спорт түрінен бапкер-жаттықтырушы – Жевагин Виктор Тимофеевич жұмыс істейді.

Жевагин Виктор Тимофеевич – 03.11.1952 жылы дүниеге келген. Дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша 1983 жылы «Қазақ дене шынықтыру институтінінің» түлегі. Баскетболдан  І жоғарғы дәрежелі бапкер-жаттықтырушы. «Дене шынықтыру және спортты дамытуда қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет белгісімен», «Ұлы Отан соғысында жеңіске 20 жыл», «Қазақстан Республикасынң білім беру үздігі» медальімен марапатталынған Жезқазған қаласының құрметті азаматы.

            Муханбет Касымович Алиакпаров  - «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» 2004 ж.

 

      Құрмет белгілері:

Жезқазған қаласының 50 жылдығына арналған басылымына шыққан. 2004 ж.

Жезқазған қаласының 60 жылдығына арналған басылымына шыққан. 2014 ж.

Қазақстан бокс федерациясының «Тарлан» журналына шыққан. 2017 ж.

      1997-2010 ж. «Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» директоры қызметін атқарған.

      2012 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін ЖезУ университетінің доценті.