ГУ «Отдел физической культуры и спорта города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Отчеты Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2018 жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмысы туралы ақпарат

Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2018 жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмысы туралы ақпарат

Опубликовано: 15 октября 2018

Бөлімнің бекітілген жоспарына сәйкес 2018 жылы жыл соңына дейін 26080   адамның қатысуымен 150 іс-шара өткізіледі. Қазіргі уақытта 22685 адамның қатысуымен 116 спорттық жарыстар өткізілді.

   Оның ішінде Республикалық турнирлер мен Қазақстан Республикасының Чемпионаттары өткізілді.

   Олар:

«Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновті еске алуға араналған бокстан 2004 - 2005 жылдар аралығында туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының «Солтүстік» аймақтық Чемпионаты өтті. Аталған турнирге Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды құрама командаларынан 120 ға жуық жас спортшылар қатысты.

Қазақстан Республикасының «Солтүстік» аймақтық Чемпионатына  2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Ибраимов Ермахан Сағиұлы, Афина олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионы, бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Елеуов Серік Саматұлы, Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Жақыпов Біржан Жақыпұлы және 2004 жылы Афины олимпиадасының жеңімпазы Бақтияр Артаев құрметті қонақтары ретінде келді.

   Еркін күресінен жасөспірімдер арасында Жезқазған қаласында еркін күресінің еңалғашқы негізін қалаған, КСРО-ның спорт шебері Танау Нығызбаевты еске алуға арналған Республикалық турнир өтті. Республикалық турнирге еліміздің облыстары мен қалаларынан 180 ге жуық спортшылары қатысты.

Грек-рим күресінен 2004-2005 және 2006-2008 жылдарда туылған жасөспірімдер арасындағы Қадер Маткеновті еске алуға арналған І-ші Республикалық турнирі өтті. 
Республикалық турнирге Республикамыздың Астана және Алматы қалалары мен 14 облысынан 200 ге жуық жас спортшылар келді. 

Жарыстың құрметті қонақтары ретінде грек-рим күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогінің күміс және Азия Чемпионатының қола жүлдегері, 2008 жылы Пекин қаласында өткен Олипиада ойындарының қола жүлдегері Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев және Азия Чемпионатының жеңімпазы, Мәскеу және Лас Вегаста өткен Әлем Чемпионатының қола, Стамбулда өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Кебіспаев Алмат Қабдырашұлы қонақ ретінде шақырылды.

Аталған Чемпиондармен жоғарғы сынып оқушылары мен колледж, университет студенттері және спорт мектептерінің спортшыларымен қалалық Нұр Отан партиясының ғимаратында және спорт мектептерінің конференц залдарында кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Алғаш рет қаламызда ерлер және әйелдер арасында самбо күресі мен жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Республикамыздың Астана және Алматы қалалары мен 14 облысынан 400 ге жуық ерлер мен әйелдер құрама командалары қатысты.

Чемпионатқа құрметті қонақтар ретінде ҚР Самбо федерациясының Вице-президенті, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валиев Рафик Гарифович, Астана қаласы, КСРО-ның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жахитов Марат Нұрмұханбетұлы, ҚР еңбек сіңірген Спорт шебері, Әлем Чемпионы Садыканов Бауыржан Рымгалиевич келді. 

 Аталған жарыста  Жезқазған қаласы атынан қатысқан спортшыларымыз,  52 келі салмақта  самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Ибрагим Бағлан және 57 келі салмақта самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Саяжанов Әділет алтын медальды қанжығаларына байлады.

Мамыр айында Манғолия мемлекетінің астанасы Ұланбатыр қаласында самбодан өткен Азия Чемпионатында қос балуандар Ибрагим Бағлан және Саяжанов Әділет чемпион атанып, еліміздің мәртебесін көтерді.

Екі балуанға қаламыздың беделді кәсіпкерлері Марғұлан Молдашев және Бауыржан Искаков қос балуанға 2млн500 мың теңге тұратын «Приора» автокөлігінің ақшасын сыйға тартты.

Қазақ күресінен 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Аталған чепионатқа Республикамыздың 14 облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 500 ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың құрметті қонағы ретінде Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының бас хатшысы  Сәбитов Бақдаулет Маратұлы, Қазақстан Республикасының қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушысы Биткөзов Жеңіс Диханбайұлы қала әкімдігінің арнайы шақырылуымен келді.

Қазақ күресінен 2002-2003 ж.т. кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қабден Шыңғысовты еске алуға арналған Республикалық турнирі өтті. Аталған турнирге Өзбекстан мемлекетінен және республикамыздың 10 облысынан және Астана қаласынан 300 ге жуық жас палуандар қатысты.

Жезқазған қаласының 2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық даму жоспарына сәйкес, салауатты өмір салтын сақтау және халық арасында насихаттау, тұрғындарды бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қаламызда алғаш рет 08 мамыр күні қалалық «Веложарыс» велосипедшілер жарысы өткізілді. Аталған ауқымды жарысқа көршілес жатқан Өзбекстан мелекеті мен Астана, Алматы қалалары мен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облыстары мен Жезқазған және Сәтбаев қалаларының велосипедшілері қатысты. Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және арнайы сертификаттармен марапатталды.

Қаламыздың Кеңгір су қоймасы жағалауында байдарка және каноэда есу бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 

        Сонымен қатар кәсіби мерекелерге, халықаралық мейрамдарға арналған бұқаралық спорттық жарыстар.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бекіткен жоспарына сәйкес жыл сайын өткізілетін Облыс қалалары мен аудандары арасында өтетін Спартакиадалардың жетістіктері мен оларға қатысушылардың саны да жылдан жылға өсіп келеді.

облыстық Спартакиада да Жезқазған құрама командасы 112 ұпаймен 2 орынды иеленді.

    Бекітілген жоспарға сәйкес 2017-2018 жылдарға арналған жаңа оқу жылының бастамасы ретінде қыркүйек айының 15 жұлдызынан – 25 мамыр аралығында 14 спорт түрі бойынша Мектеп лигасы мен Студенттер лигасы өтілді.

    Оған қатысушылардың саны мектеп оқушылары 12000, студенттер саны 6000.

    Мектеп лигасы мен Студенттер лигасының жалпы қорытынды нәтижесіне байланысты жеңімпаз мектептер мен университет, колледждер Қазақстан Республикасының тамыз айының  3-ші жексенбісінде өтілетін спорт күні кәсіби мерекесі қарсанында арнайы дипломдармен, дәрежелі кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қаламыздың спортшылары жылдан жылға жеңіс тұғырына көтеріліп, байрақты бәсекеде жүлделі орындарды қанжығаларына байлауда. Биылғы жылы қала бойынша барлығы – 216 жеңімпаз спортшы анықталды. Олардың ішінде: облыстық жарыстар жеңімпаздарының саны – 94, республикалық жарыстар жеңімпаздарының саны – 45, Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары – 22, Әлем және Азия Чемпионаттарының  жеңімпаздар саны –  2 спортшыны құрады.

Қаламызда жұмысын ілгері басып, өз мәресінде жұмыс жасап келе жатқан спорттың 24 түрі бар. Оның 11 түрі олимпиада бағдарламасына кірген спорт түрлері, 6 түрі олимпиада бағдарламасына кірмеген спорт түрлері. 3 (үшеуі) ұлттық спорт түрлері бойынша және 4 түрі мүгедектер спорт түрлері бойынша қамтылған.

   Олимпиада ойынына енген спорт түрлері: баскетбол, бокс, еркін күресі, грек-рим күресі, волейбол, байдарка және каноэда есу, дзюдо, таеквондо, футбол, теннис, үстел теннисі.

   Олимпиада ойынына енбеген спорт түрлері: шахмат, дойбы, гір тасын көтеру, пауэрлифтинг, самбо, каратэ-до кекушинкай кан.

   Ұлттық спорт түрлері бойынша: тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жекпе-жек.

   Мүгедектер спорт түрлері: тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, футбол.

Жоғарыда қамтылған спорт түрлерінен қала спортшылары түрлі жарыстарға қатысып, спорттық дәрежелерге, спорттық атақтарға қол жеткізуде.

       2018 жылы қаламыздағы спорт мектептерінде 4 - спорт шебері, 40 - спорт шеберіне үміткер, 22 – 1-ші спорттық дәрежедегі спортшы және 60- жасөспірімділік дәрежедегі спортшылар  дайындалып шығарылды.

Жоғарыда аталған спорттың түрлерімен жаттығатын және бұқаралық спорт түрімен шұғылданатын, қала жастарының саны қала халқы саны көрсеткішінен 22% құрайды, немесе 19700 жастар. 2017 жылмен салыстырғанда 2620 адамға, 2%  өскен. (2017ж-17080 жастар, 20%).

  Жалпы білім беретін қала мектептерінде 6761 спортшы қатысатын 134 спорт секциялары жұмыс істейді.

   Университет және колледжерде 32 спорт секциялары бар, қатысушы студенттер саны - 1758.

   Жарыстардың өз деңгейінде өтуіне септігін тигізіп отырған әр түрлі меншіктегі спорт нысандары жұмыс істейді. Олар: 6000 көрерменге арналған «Металлург» стадионы, «Ұлытау» спорт сарайы, «КАНСК» және «Спорттық сауықтыру» кешендері, «Дельфин» жүзу бассейні, есу базасы, 4 теннис корты, 15 хоккей корттары және жасанды футбол алаңдары.

       Сонымен қатар, қалада әр түрлі жастағы 1519 қатысушыдан тұратын 4 қызығушылық спорт клубтары бар, олар - «Бірлік», «Чемпион», «ММ-Фит» және «Уайысбатыр». Аталған қызығушылық спорт клубтарында жекпе-жек, үстел теннисі, кикбоксинг, каратэ, тренажер залдары және т.б. спорт түрлері қызмет етеді.

       Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында қаламызда 4 спорт мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде: 

  «Жезқазған қаласының Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

   Бұл - спорт мектебінде 7 мен 23 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар 5 спорт түрлері бойынша, дзюдо, еркін күрес, бокс, футбол және баскетболмен жаттығады. Жалпы қатысушылар саны – 1027 спортшыны, бапкер-жаттықтырушылар саны 28 құрайды.

   Байдарка және каноэда есу бойынша «Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде байдарка және каноэда есу спорт түрінен 383 спортшы дайындалуда.

   Жезқазған қаласының «Спорттық сауықтыру кешені» 14 спорт түрі бойынша атап айтқанда (бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, самбо, дзюдо, каратэ кекушинкай-кан, мүгедектермен жұмыс, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, садақ ату, қол күресі, үстел теннисі), яғни 1200 спортшы жаттығуда.

   «Таеквондо спорт орталығы» Қоғамдық бірлесітігі таеквондо спорт түрінен 348 спортшыны жаттықтыруда. Бапкер-жаттықтырушылар саны – 4 бірлікті құрайды.

 

 

2018 жылы қаланың даму бағдарламасының нысаналы индикаторына сәйкес қала бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың көрсеткішін 29,7% немесе 27450 адамға жеткізу жоспарланып отыр. (2017 жылы 29,5% немесе 26864 адам).

   Екінші индикатор балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде және қызығушылық спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 5423 адам немесе 13,5%.

 

2018 жылы 150 қалалық спорттық жарыстарды өткізуге жалпы 9,6 млн.теңге бөлінді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша төмендегі спорттық жарыстар өткізіліп, қатысушылар саны мен жеңімпаз жүлдегерлер саны жылдан жылға артып келеді. Оларға бөлінген қаражат көзі 7,7 млн.теңге.

  1. Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қ. Шыңғысовты еске алуға арналған Қазақ күресінен Республикалық турнир.
  2. Веломарафон.
  3. Ересектер арасында самбодан ҚР Чемпионаты
  4. Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионаты
  5. Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған спорттық жарыстар.
  6. Жасөспірімдер және жастар арасында Шағын футболдан Жезқазған қаласы Әкімінің Кубогіне арналған Аула арасындағы қалалық турнир.
  7. Ерсектер арасында Шағын футболдан Жезқазған қаласы Әкімінің Кубогіне арналған қалалық турнир.
  8. Ауған соғысында қаза болған Жезқазғандық жауынгер–интернационалист ардагерлері А.Мамажанов пен В.Тарадайды еске алуға арналған бокстан ХХVІІ Республикалық   турнирі.
  9. Қазан айының 14 жұлдызында Мүгедектер форумы аясында өтетін мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы аймақтық турнир.

           Қазіргі таңда қалада әр түрлі меншіктегі спорт нысандары жұмыс істейді: Жалпы спорт нысандарының саны 2017 жылы 99 бірлік  болса биыл 2018 жылы 104 бірлікті құрап отыр. Ол қаламыздың №№1,7,13,22 және №26 жалпы білім беру мектептеріне орнатылған көпсалалы хоккей корттары.

    Үш жылдық даму жоспары бойынша  2019 жылы тағы 5 мектепте хоккей корттары орнатылатын болады.

-  6000 көрерменге арналған «Металлург» стадионы;

-  «Ұлытау» - Спорт Сарайы;

- 3 спорт кешені: «Таеквондо», «Спорттық сауықтыру кешені» және «КАНСК»;

 

     Және 2019 жылы Стрит Варкаут көше тренажері қаламыздың ықшам ауданында демеушілер қаражаты есебінен орнатылады деп жоспарлап отырмыз.

      Сонымен қатар қаламыздың жастардың спортпен шұғылдануларына қол жетімді болуы үшін 2019 жылы тағы да  2 балалар мен жасөспірімдер спорт клубын ашу жоспарланып отыр.

     Жалпы қала бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 27230 адам немесе 29,7% құрайды. Қала халқы-91276 адам.

Былтырғы 2017 жылмен салыстырғанда 0,2% өсіп отыр. (2017ж 26864 адам-29,5%).

 

 

Бөлім басшысы                                                                    Д. Муталипов