ГУ «Отдел физической культуры и спорта города Жезказгана»
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Отчеты Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің  6 айлық атқарылған жұмыстары туралы ақпараты ұсынылады

Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің  6 айлық атқарылған жұмыстары туралы ақпараты ұсынылады

Опубликовано: 30 июня 2018

     Слайд

 Жезқазған қаласында 4 түрлі нысандағы спорт мекемесі жұмыс істейді, соның ішінде «Жезқазған қаласының Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі», байдарка және каноэда есу бойынша «Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспрімдер спорт мектебі», «Спорттық сауықтыру кешені» және «Таеквондо» спорт орталығы.

2018 жылдың 1 маусымына қалада әр түрлі меншіктегі төмендегі спорт нысандары жұмыс істейді:

-  6000 көрерменге арналған «Металлург» стадионы;

-  «Ұлытау» - Спорт Сарайы;

- 3 спорт кешені: «Таеквондо», «Спорт сауықтыру кешені» және «КАНСК»;

 

Слайд

   «Жезқазған қаласының Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

   Бұл - спорт мектебінде 7 мен 23 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар 5 спорт түрлері бойынша, дзюдо, еркін күрес, бокс, футбол және баскетболмен жаттығады. Жалпы қатысушылар саны – 1027 спортшыны, бапкер-жаттықтырушылар саны 28 құрайды.

   

   Байдарка және каноэда есу бойынша «Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде байдарка және каноэда есу спорт түрінен 383 спортшы дайындалуда.

  

   Жезқазған қаласының «Спорттық сауықтыру кешені» 14 спорт түрі бойынша атап айтқанда (бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, самбо, дзюдо, каратэ кекушинкай-кан, мүгедектермен жұмыс, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, садақ ату, қол күресі, үстел теннисі), яғни 1200 спортшы жаттығуда.

 

   «Таеквондо спорт орталығы» Қоғамдық қоры таеквондо спорт түрінен 348 спортшыны жаттықтыруда. Бапкер-жаттықтырушылар саны – 4 бірлікті құрайды.

 

  Слайд

   Сонымен қатар, қалада әр түрлі жастағы 1519 қатысушыдан тұратын 4 қызығушылық спорт клубтары бар, олар - «Бірлік», «Чемпион», «ММ-Фит» және «Уайысбатыр». Аталған қызығушылық спорт клубтарында жекпе-жек, үстел теннисі, кикбоксинг, каратэ, тренажер залдары және т.б. спорт түрлері қызмет етеді.

  Слайд

   2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық даму жоспары бойынша 2018 жылдың 28 ақпанында 2 аула клубы ашылды.

   Олар: Мира көшесі 26-1 «Пирамида» ғимаратының жер төлесінде орналасқан жастар мен жасөспірімдердің бұқаралық спорт түрімен және белбеу күресімен шұғылдануға арналған аула клубы мен Ғарышкерлер 36А «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінінің ғимаратында орналасқан балалар мен жасөспірімдердің тоғызқұмалақ, теннис, шахмат және дойбы ойындарымен шұғылдануына арналған аула клубы.

     Слайд

      Аталған үш жылдық даму жоспары бойынша 2019-2020 жылдары қаламызда 320 орынды жүзу бассейні бар Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысын және байдарка каноэда есу базасын салу жоспарланған.

    Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қазіргі таңда Жобалық сметалық құжатының аяқталу кезеңі шілде айында аяқталады. (ПСД). Мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.

   Байдарка және каноэда есу базасының қазіргі таңда жобалық сметалық құжатының конкурсы 4 шілдеде аяқталады.

 

   Дене шынықтыру және спорт бөлімінде штаттық кестеге сәйкес 7 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 2 мемлекеттік қызметшілер және 5 азаматтық қызметкерлер.

 

  Слайд

   Бөлімнің бекітілген жоспарына сәйкес 2018 жылы жыл соңына дейін 26080   адамның қатысуымен 150 іс-шара өткізіледі. Қазіргі уақытта 12320 адамның қатысуымен 76 спорттық жарыстар өткізілді.

   Оның ішінде Республикалық турнирлер мен Қазақстан Республикасының Чемпионаттары өткізілді.

   Олар:

 «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы, Қарсақбай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновті еске алуға араналған бокстан 2004 - 2005 жылдар аралығында туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының «Солтүстік» аймақтық Чемпионаты өтті. Аталған турнирге Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды құрама командаларынан 120 ға жуық жас спортшылар қатысты.

Қазақстан Республикасының «Солтүстік» аймақтық Чемпионатына  2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Ибраимов Ермахан Сағиұлы, Афина олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионы, бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Елеуов Серік Саматұлы, Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Жақыпов Біржан Жақыпұлы және 2004 жылы Афины олимпиадасының жеңімпазы Бақтияр Артаев құрметті қонақтары ретінде келді.

 

   Еркін күресінен жасөспірімдер арасында Жезқазған қаласында еркін күресінің еңалғашқы негізін қалаған, КСРО-ның спорт шебері Танау Нығызбаевты еске алуға арналған Республикалық турнир өтті. Республикалық турнирге еліміздің облыстары мен қалаларынан 180 ге жуық спортшылары қатысты.

Грек-рим күресінен 2004-2005 және 2006-2008 жылдарда туылған жасөспірімдер арасындағы Қадер Маткеновті еске алуға арналған І Республикалық турнирі өтті. 
Республикалық турнирге Республикамыздың Астана және Алматы қалалары мен 14 облысынан 200 ге жуық жас спортшылар келді. 

      Жарыстың құрметті қонақтары ретінде грек-рим күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогінің күміс және Азия Чемпионатының қола жүлдегері, 2008 жылы Пекин қаласында өткен Олипиада ойындарының қола жүлдегері Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев және Азия Чемпионатының жеңімпазы, Мәскеу және Лас Вегаста өткен Әлем Чемпионатының қола, Стамбулда өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Кебіспаев Алмат Қабдырашұлы қонақ ретінде шақырылды.

 Аталған Чемпиондармен жоғарғы сынып оқушылары мен колледж, университет студенттері және спорт мектептерінің спортшыларымен қалалық Нұр Отан партиясының ғимаратында және спорт мектептерінің конференц залдарында кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Алғаш рет қаламызда ерлер және әйелдер арасында самбо күресі мен жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Республикамыздың Астана және Алматы қалалары мен 14 облысынан 400 ге жуық ерлер мен әйелдер құрама командалары қатысты.

Чемпионатқа құрметті қонақтар ретінде ҚР Самбо федерациясының Вице-президенті, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Валиев Рафик Гарифович, Астана қаласы, КСРО-ның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жахитов Марат Нұрмұханбетұлы, ҚР еңбек сіңірген Спорт шебері, Әлем Чемпионы Садыканов Бауыржан Рымгалиевич келді. 

 Аталған жарыста  Жезқазған қаласы атынан қатысқан спортшыларымыз,  52 келі салмақта  самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Ибрагим Бағлан және 57 келі салмақта самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Саяжанов Әділет алтын медальды қанжығаларына байлады.

Мамыр айында Манғолия мемлекетінің астанасы Ұланбатыр қаласында самбодан өткен Азия Чемпионатында қос балуандар Ибрагим Бағлан және Саяжанов Әділет чемпион атанып, еліміздің мәртебесін көтерді.

Екі балуанға қаламыздың беделді кәсіпкерлері Марғұлан Молдашев және Бауыржан Искаков қос балуанға 2млн500 мың теңге тұратын «Приора» автокөлігінің ақшасын сыйға тартты.

Қазақ күресінен 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Аталған чипионатқа Республикамыздың 14 облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 500 ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың құрметті қонағы ретінде Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының бас хатшысы  Сәбитов Бақдаулет Маратұлы, Қазақстан Республикасының қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушысы Биткөзов Жеңіс Диханбайұлы қала әкімдігінің арнайы шақырылуымен келді.

 

 Қазақ күресінен 2002-2003 ж.т. кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қабден Шыңғысовты еске алуға арналған Республикалық турнирі өтті. Аталған турнирге Өзбекстан мемлекетінен және республикамыздың 10 облысынан және Астана қаласынан 300 ге жуық жас палуандар қатысты.

 

  Слайд

Жезқазған қаласының 2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық даму жоспарына сәйкес, салауатты өмір салтын сақтау және халық арасында насихаттау, тұрғындарды бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қаламызда алғаш рет 08 мамыр күні қалалық «Веложарыс» велосипедшілер жарысы өткізілді. Аталған ауқымды жарысқа көршілес жатқан Өзбекстан мелекеті мен Астана, Алматы қалалары мен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облыстары мен Жезқазған және Сәтбаев қалаларының велосипедшілері қатысты. Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және арнайы сертификаттармен марапатталды.

   Слайд

   Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бекіткен жоспарына сәйкес жыл сайын өткізілетін Облыс қалалары мен аудандары арасында өтетін Спартакиадалардың жетістіктері мен оларға қатысушылардың саны да жылдан жылға өсіп келеді.

облыстық Спартакиада да Жезқазған құрама командасы 112 ұпаймен 2 орынды иеленді.

 

    Қаланың бұқаралық спортының дамуының айғағы ретінде 2017 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап Жезқазған қаласының Спорттық сауықтыру кешенінде садақ ату, шахмат, қол күресі, тоғызқұмалақ және үстел теннисі спорт түрлерінен секциялар ашылып қатысушылар саны көбейді. 2016 жылмен салыстырғанда 850 қатысысушыға өсті. (2016 жылы – 350 спортшы, 2017 жылы – 1200 спортшы).

    Қаладағы жалпы білім беретін № 10, 13, 21 және 26 мектептерге 37 млн.752 мың теңгеге көпсалалы хоккей корттары орнатылды.          

    Бекітілген жоспарға сәйкес 2017-2018 жылдарға арналған жаңа оқу жылының бастамасы ретінде қыркүйек айының 15 жұлдызынан – 25 мамыр аралығында 14 спорт түрі бойынша Мектеп лигасы мен Студенттер лигасы өтілді.

    Оған қатысушылардың саны мектеп оқушылары 12000, студенттер саны 6000.

    Мектеп лигасы мен Студенттер лигасының жалпы қорытынды нәтижесіне байланысты жеңімпаз мектептер мен университет, колледждер Қазақстан Республикасының 17 тамыз айында спорт күні кәсіби мерекесі қарсанында арнайы дипломдармен, дәрежелі кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

   Слайд

2018 жылы қаланың даму бағдарламасының нысаналы индикаторына сәйкес қала бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың көрсеткішін 29,7% немесе 27114 адамға жеткізу жоспарланып отыр. (2017 жылы 29,5% немесе 26864 адам). 2018 жылы 150 қалалық спорттық жарыстарды өткізуге жалпы 9,6 млн.теңге бөлінді.

 

   Слайд

 Мемлекеттік тапсырыс бойынша төмендегі спорттық жарыстар өткізіліп, қатысушылар саны мен жеңімпаз жүлдегерлер саны жылдан жылға артып келеді. Оларға бөлінген қаражат көзі 7,7 млн.теңге. Олар:

  1. Жезқазған қаласының құрметті азаматы Қ. Шыңғысовты еске алуға арналған Қазақ күресінен Республикалық турнир.
  2. Ауған соғысында қаза болған Жезқазғандық жауынгер –интернационалист ардагерлері А.Мамажанов пен В.Тарадайды еске алуға арналған бокстан ХХVІІ Республикалық   турнирі.
  3. Жасөспірімдер және жастар арасында Шағын футболдан Жезқазған қаласы Әкімінің Кубогіне арналған Аула арасындағы қалалық турнир.
  4. Ерсектер арасында Шағын футболдан Жезқазған қаласы Әкімінің Кубогіне арналған қалалық турнир.
  5. Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған спорттық жарыстар.
  6. Мүгедектер форумы аясында өтетін мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы аймақтық турнир.

 

   Жоғарыда аталған спорттың түрлерімен жаттығатын және бұқаралық спорт түрімен шұғылданатын, қала жастарының саны қала халқы саны көрсеткішінен 22% құрайды, яғни 19700 жастар. 2017 жылмен салыстырғанда 2620 адамға, 2%  өскен. (2017ж-17080 жастар, 20%).

   Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде және қызығушылық спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 5423 адам немесе13,5%.

 

   Жалпы білім беретін қала мектептерінде 6739 спортшы қатысатын 131 спорт секциялары жұмыс істейді.

   Университет және колледжерде 32 спорт секциялары бар, қатысушы студенттер саны - 1736.

 

    Облыс әкімдігі және облыстық басқарманың тапсырмасына сәйкес мүгедектер спортын дамыту және Елбасы-Президенттік тестілерін тапсыру тапсырмасы басты назарға алынып отыр.

 

Слайд

Мүгедектер спортының дамуы

   Бөлімнің жұмыс көрсеткіштерінің бірі – мүмкіншіліктері шектелген жандардың дене шынықтыру және спортпен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

   Қалада спорттық сауықтыру кешеніндегі мүгедектермен жұмыс секциясы мен қалалық қарттар, мүгедектер үйінің спортпен шұғылданатын мүмкіншіліктері шектелген жандардың саны 76 адамды құрайды. Олардың ішінде, есту қабілеті зақымданған, психикалық дамуы шектелген, көру мүшесі зақымданған, тірек-қимыл аппараты зақымданған топтағы адамдар.

   Аталған жандармен өткізілген спорттық жарыстардың саны 2018 жылы -14 болса, былтырғы 2017 жылы-12.

   Облыс деңгейінде өтетін жыл сайынғы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы облыстық Спартакиадаға Жезқазған қаласының құрама командасы да қатысып отырады. Үш жыл қатарынан өткізілген бұл Спартакиадаға қатысқан қаламыздың құрама командасы 2016 жылы 3 орынды, 2017 жылы және биылғы 2018 жылы 2  орынды иеленіп қайтты.

    2017 жылдың қыркүйек айында 14 облыс және Астана, Алматы қалалырының құрама командалының қатысуымен өткен Қарағанды қаласында шағын футболдан мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ҚР Чемпионатында Жезқазған қаласының құрама командасы 4 орынды иеленді.

  

    Слайд

    Тағы да бір ерекше назар аударуға тұрарлық мәселе – Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысының тестілерін тапсыру.

 

    2018 жылы Президенттік тестілерді тапсыруға 24610 адам қатысты (2017 жылы - 23425), оның 35-і Президенттік деңгей талаптарын орындаса, 546 адам Ұлттық деңгей талаптарын орындады. Жалпы қала халқы саны есебінен (халық саны - 91034 адам) – 27% құрап отыр. Бұл көрсеткіш облыс бойынша 4 орынды тұрақтады.

       Президенттік тест сынағын тапсыруға қаламыздың жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ұстаздары, колледж және университет студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік мекемелер, кәсіпорындар мен өндірістік орындардың қызметкерлері қатысады. Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырған сынақтың нормативтерін ескере отырып, деңгей сатысы анықталады.